Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім Рамазан айында Алланың сый-сауабына деген иманмен және үмітпен ораза ұстаса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі».
Тағы бір хадисінде: «Сендерден біреу ауыз ашатын болса, құрмамен ауызын ашсын, ал егер ол құрма таппаса, сумен ифтар жасасын, өйткені, расында, ол тазартады». Сондай-ақ Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі юолсын): «Рамазан айының түндерін Алланың сыйына иман келтіріп және үміт етіп, намаз оқумен өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі».
Осыдай хадистерге амал етіп, Қордай ауданы бас имамы Азамат Берікұлы аудан әкімі ұйымдастырған ауызашарға қатысып, көпшілікке Рамазан айының қадір-қасиеті туралы сүбелі насихат айтты. Еліміз аман жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын деген дұғамен жамағат тарқасты.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

