Қордай: ҚМДБ РАНТ мүшесі Нұрәлі Бақытұлы жамағатқа насихат айтты

Қордай: ҚМДБ РАНТ мүшесі Нұрәлі Бақытұлы жамағатқа насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағаланың мұсылман құлдарына қасиетті етіп берген айларының бірі – Рамазан. Бұл айда мүміндер бір ай бойы ораза ұстап, мейірімділік, қайырымдылық, сабырлық, кешірімділік пен тақуалыққа көңіл бөледі, сондай-ақ өз-өзіне есеп беріп, нәпсіні тәрбиелейді.

ҚМДБ Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Нұрәлі Бақытұлы «Қордай ауылдық»  мешітінде жамағатқа қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті туралы уағыз-насихат жүргізді.

Насихат барысында Рамазан айының мұсылман өміріндегі маңызы, оразаның тәрбиелік мәні және бұл айда жасалатын ізгі амалдардың сауабы кеңінен баяндалды. Сонымен қатар жамағатқа ауызбіршілік, сабыр, шүкіршілік, қайырымдылық пен мейірімділікке шақыру айтылды. Кездесу соңында жамағат қасиетті айдың берекесін сезініп, ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасады.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: