Наурыз көже – Наурыз мейрамында әр шаңырақта міндетті түрде дайындалатын, молшылық пен тоқшылықты білдіретін қасиетті қазақ ұлттық тағамы. Ол жеті түрлі дәмнен (су, ет, тұз, май, сүт, дән, ұн) жасалып, «ақ мол болсын» деген ізгі тілекпен таратылады.
Сонымен қатар, оны «тілеу көже» деп те атайды. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұлағатты сөздерінде: «Ораза – бұл жай ғана ішіп-жеуден тыйылу емес. Ақиқатында, ораза – бос сөздер мен жаман сөздерден тыйылу!».
Осы тәрбие мен дәстүр сабақтастығы бойынша Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде көктем айының басталуына орай ұлттық тағам «Наурыз көже» жамағатқа таратылды. Қатысушылардың ниеттері қабыл, мұраттары асыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

