Қордай: Қордай Құран қариларын дайындау орталығында ұлттық құндылықтар дәріптелді

Қордай: Қордай Құран қариларын дайындау орталығында ұлттық құндылықтар дәріптелді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – тіл, тарих, салт-дәстүр мен мәдениетті жаңғырту арқылы ұлттық бірегейлікті сақтау жолындағы маңызды іс-шара. Бұл тәрбие отбасынан басталып, балабақша мен мектепте ұлттық ойындар, өнер және әдебиет арқылы жалғасады. Мақсат – өскелең ұрпақты рухани ізгілікке, аға буынды сыйлауға баулу.

Наурыз мейрамы қарсаңында Қордай Құран қариларын дайындау орталығында ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында шәкірттер арасында қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындары өткізіліп, асық ату, арқан тартыс және қол күрес сияқты сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар өзара бақ сынасып, ұлттық дәстүрге деген қызығушылықтарын көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге, салт-дәстүрді дәріптеуге және қоғамдағы бірлік пен достықты нығайтуға үлкен үлес қосатынын атап өтті.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: