Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ішіндегі ең жомарты еді. Хадисте: «Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ішіндегі ең жомарты еді. Әсіресе, Рамазан айында, Жәбірейілмен кездескенде ерекше жомарттық танытатын» – деп айтылған. Осы орайда Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылындағы «Сахаба» мешітінде «Жомарттық – асыл қасиет» тақырыбында уағыз-насихат өткізілді.
Іс-шараны мешіт имамы Рахимбаев Серік ұйымдастырды. Насихат барысында жомарттық пен қайырымдылықтың ислам дініндегі орны, мұқтаж жандарға көмек көрсетудің сауабы жайында кеңінен айтылып, жамағатты игі істер жасауға шақырды. Бұл шара Рамазан айында мейірімділік пен бауырмалдықты насихаттауға бағытталды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

