Қордай: Рамазан айында қайырымдылық шаралары жалғасуда

Қордай: Рамазан айында қайырымдылық шаралары жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисте былай деген: «Садақа ешбір малды кемітпейді. Алла біреуге кешірім жасаған пендесінің абыройын асырады. Кімде-кім Алла үшін кішіпейіл болса, Алла оның дәрежесін көтереді».

Осы хадиске сәйкес, Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылы «Сахаба» мешітінде Рамазан айында жомарттық пен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараны мешіт имамы Рахимбаев Серік жүргізіп, жалпы құны 350 мың теңгені құрайтын азық-түлік өнімдері 15 жанұяға таратылды.

Бұл игі іс мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы мейірімділік пен бауырмалдықты арттыруға бағытталды. Сонымен қатар шара арқылы жамағатқа Рамазан айында жомарттықты арттыру және игі амал жасауға үлгі көрсету мақсаты көзделді. Амалдар қабыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: