Ахмед Иүгінеки бабамыз: «Егер мақтағың келсе, жомарт ерді мақта, барлық кісі жомарттың жақсылығын айтады. Жомарттық барлық айыптың кірін жуады. Жомарт бол, саған сөз де, сөгіс те келмейді. Сөз келетін жолды жомарттық тыяды, жібімейтін көңілді жомарт кісі жібітеді.
Қол жетпейтін мұратқа жомарттың қолы жетеді. Жомарттықты әрі зиялы, әрі қарапайым халық та мақтайды. Жомарт білімді жете меңгереді. Жомарттың арқасында қорғансыздар жақсы өмір кешеді. Жомарт ер – халықтың құрметтісі. Жомарттық – абырой-атағыңды, ажар-көркіңді арттырады.
Жомарттық – сені сүйіспеншілікке бөлейді», – деген. Осы орайда Қордай ауданы, Қақпатас ауылы «Қақпатас» мешіті имамы Жармұханбет Танаубайұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында 10 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіліп, жалпы 155 мың теңге көлемінде көмек берілді. Барша атсалысқан жандардың садақалары қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

