Қордай: «Ислам және адал қоғам» тақырыбында жамағатқа насихат айтылды

Қордай: «Ислам және адал қоғам» тақырыбында жамағатқа насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы жамағатқа «Ислам және адал қоғам» тақырыбында бас имам сағатын өткізді. Насихат барысында бас имам мұсылман адамның бойында болуы тиіс асыл қасиеттердің бірі – адалдыққа ерекше тоқталды. Адалдық тек тамақ ішу, кәсіп немесе саудада ғана емес, өмірдің барлық саласында сақталуы қажет екені түсіндірілді.

Қазақ халқының мәдениетінде адал жан, адал дос, адал ас, адал жар, адал перзент сияқты ұғымдар бар екені айтылып, бұл қасиеттің қоғамдағы береке мен тұрақтылыққа тікелей байланысты екені ерекше атап өтілді. Сонымен қатар насихат барысында адал еңбек ету, аманатқа қиянат жасамау, бір-біріне құрметпен қарау сияқты қасиеттердің мұсылман адамға тән мінез-құлық екені жеткізілді. Кездесу соңында жамағатқа қоғамда адалдықты насихаттау, бірлік пен татулықты сақтау маңыздылығы түсіндірілді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: