Қордай: Аудан бас имамы «Рахман» мешіті асханасындағы дастарханның халалдығын тексерді

Қордай: Аудан бас имамы «Рахман» мешіті асханасындағы дастарханның халалдығын тексерді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы «Рахман» мешітінде болып, мешіт асханасында жамағатқа ұсынылып жатқан дастархан мәзірін тексеріп шықты. Тексеру барысында ауызашар дастарханына қойылған тағамдардың халал талаптарына сай дайындалуына, азық-түліктің сапасы мен тазалығына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар жамағатқа ұсынылатын тағамдардың шариғат талаптарына сәйкес болуы маңызды екені ескертілді. Аудан бас имамы мешіт асханасында ұйымдастырылып жатқан игі істерге ризашылығын білдіріп, жамағатқа адал әрі таза ас ұсынудың маңыздылығына тоқталды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: