Қордай: Аудан бас имамы «Рахман» мешітіндегі бейнебақылау камераларын зерделеді

Қордай: Аудан бас имамы «Рахман» мешітіндегі бейнебақылау камераларын зерделеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) мешіттің қадір-қасиеті жайында: «Алла Тағала алдыңғы кітаптарда: «Менің жер бетіндегі үйлерім – мешіттер. Кімде-кім мешіт салса, ол Маған зиярат жасағанмен тең.

Ал кімде-кім үйінен дәрет алып, Менің үйіме – мешітке келсе, үй иесіне келген қонаққа құрмет көрсету міндет болғандай, Мен де оған құрмет көрсетемін»», – деген. Осы орайда Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы «Рахман» мешітінде болып, мешіт аумағындағы бейнебақылау камераларының жұмысын зерделеді.

Тексеру барысында мешіттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған камералардың дұрыс жұмыс істеуі, мешіттің ішкі және сыртқы аумағын толық қамтуы қарастырылды. Сонымен қатар жамағаттың қауіпсіздігі мен тәртіптің сақталуына баса мән берілді. Аудан бас имамы мешіт – құлшылық орны ғана емес, сонымен қатар жамағаттың амандығы мен тыныштығы сақталатын қасиетті мекен екенін атап өтті.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: