Қордай: «Рахман» мешітінде әжелер бөлмесі зерделенді

Қордай: «Рахман» мешітінде әжелер бөлмесі зерделенді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы «Рахман» мешітінде болып, мешіттегі әжелер бөлмесін аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Қазақ халқында әже тәрбиесінің орны ерекше. Ата-әжесінің тәрбиесін көріп өскен бала әдепті, үлкенді сыйлайтын, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға болып қалыптасады.

Өйткені ауыл қарияларының жанында жүріп, олардың өнегелі әңгімесін тыңдап өскен баланың сана-сезімі де өзгеше қалыптасады. Сол себепті әжелерді ұрпақ тәрбиесіндегі таптырмас тәрбие мектебі деп айтуға болады. Сапар барысында аудан бас имамы әжелер бөлмесінде орналасқан ғибратты бұрышпен танысып, бұл бастаманың ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар әжелердің мешіт өміріндегі белсенділігі мен жастарға берер өнегесінің маңыздылығына тоқталды.

Шынында да, дүниеге келген сәбиді бесік жырымен әлдилеп, ертегі-жырларымен сусындатып, ұлттық рухта тәрбиелейтін әженің орны қашанда ерекше. Сондықтан әжелердің тәрбиелік рөлін жаңғыртып, олардың даналығын кейінгі ұрпаққа жеткізу – қоғам үшін маңызды іс.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: