Қордай: Аудан бас имамы «Рахман» мешітіндегі ауызашарға қатысты

Қордай: Аудан бас имамы «Рахман» мешітіндегі ауызашарға қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Ауыз ашарды асығып, сәресіні кешіктіріп істеңдер», – деген. Тағы бір хадисінде: «Рамазан айы кіргенде жәннат есіктері ашылады, жәһаннам есіктері жабылады, шайтандар да шынжырмен байланып қамалады», – деп қасиетті айдың артықшылығын баян еткен.

Осы орайда Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты «Рахман» мешітінде ұйымдастырылған ауызашар дастарханына қатысып, жамағатқа «Рамазан айының қадір-қасиеті мен оразаның сауабы жайында» уағыз-насихат айтты.

Кездесу барысында бас имам қасиетті айда ауызбіршілік пен бауырмалдықты нығайтып, мұқтаж жандарға көмектесудің, садақа беріп, ізгі амалдарды көбейтудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар жамағатты Рамазан айын барынша пайдалы өткізіп, құлшылық пен игі істерге көңіл бөлуге шақырды. Жамағат ауыз ашып, ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасады.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: