ЖАМБЫЛ: ЖАСТАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ

ЖАМБЫЛ: ЖАСТАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айша бибі ауылы "Айша бибі" мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев мешітке келген жамағатқа "Жастардың қоғамдағы рөлі" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Жиын барысында имам жастар – қоғамның болашағы әрі елдің тірегі екенін атап өтті.

Ислам діні жастарды адал еңбек етуге, білім үйренуге, ата-ананы құрметтеуге және қоғамға пайдалы болуға үндейтіні айтылды. Сонымен қатар жиналған жастарға жаман әдеттерден аулақ болу, уақытты тиімді пайдалану және рухани дамуға көңіл бөлу жөнінде кеңестер берілді. Түсіндірме жұмысында ислам тарихындағы жастардың өнегелі өмірі де мысал ретінде келтірілді. Соның ішінде Пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбар заманындағы сахабалардың жас кезінен бастап қоғамға қызмет еткендігі туралы айтылып, қазіргі жастарға үлгі болатыны атап өтілді.

Шара соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, имаммен пікір алмасты. Осындай кездесулер жастардың рухани тәрбиесін нығайтып, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: