Қызылқайнар ауылы "Бейсеу ата" мешітінің имамы Берсүгір Ермуханбет мешіт жамағатына "Рамазан - Құран айы" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Рамазан – мұсылмандар үшін қасиетті ай. Бұл айда ораза ұсталады, құлшылық көбейтіледі және Құран оқуға ерекше мән беріледі. Рамазан айында Құран оқу - адамның рухани өмірін күшейтеді, жүректі тазартады, иманды күшейтеді, сабыр мен мейірімді арттырады, көптеген сауапқа кенеледі.
Хадисте айтылғандай Құран оқығанда оның әр әрпіне он сауап жазылады. Рамазан – тек ораза айы ғана емес, Құранмен жақындасу айы. Мұсылман адам бұл айда Құран оқып, оның мағынасын түсініп, өмірінде қолдануға тырысуы керек.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


19 Маусым 2026
3 Мухаррам 1448

