ЖАМБЫЛ: ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

ЖАМБЫЛ: ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылы "Бейсеу ата" мешітінің имамы Берсүгір Ермуханбет мешіт жамағатына "Жат ағым жарға жығады" экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру үшін түсіндірме жұмысын жүргізді. Қоғамды діни экстремизмнен, теріс идеологиялардан сақтандыруға арналған маңызды тақырып.

Бұл түсіндірме жұмысының мақсаты – адамдарға дәстүрлі дінді дұрыс түсіндіру және қауіпті діни ағымдардан сақтандыру. Жат ағым – қоғамның дәстүрлі діни түсінігіне қарсы келетін, адамдарды радикалды немесе дұрыс емес жолға шақыратын діни топтар мен идеологиялар. Қазақстанда дәстүрлі ислам бағыты – Ханафи мектебі және Матуриди сенімі болып саналады.

Ал кейбір жат ағымдар дінді қате түсіндіреді, қоғамнан бөлінуге шақырады, ата-ана, дәстүр, мемлекет заңдарын мойындамауға үгіттейді. “Жат ағым жарға жығады” деген сөздің мәні – адамның теріс идеологияға еріп кетуі оның өміріне де, қоғамға да үлкен зиян әкелуі мүмкін екенін білдіреді. Сондықтан әр адам дінді дұрыс түсініп, дәстүрлі құндылықтарды сақтап, күмәнді ағымдардан аулақ болуы керек.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: