Бірлесу - Еңбек ауылы "Бірлесу - Еңбек" мешітінің молдасы Сакен Джолдасбаев мешітке жиналған жамағатқа "Ықылас - шынайылық" тақырыбында уағыз- насихат айтты. “Ықылас – шынайылық” тақырыбы ислам дініндегі маңызды рухани ұғымдардың бірі. Ықылас – адамның барлық ісін тек Алланың разылығы үшін, таза ниетпен орындауы. Мұндай шынайы ниет адамның амалын құнды әрі сауапты етеді.
Шынайы ықыласты адам жасаған жақсылығын жария етпейді, мақтануды ұнатпайды, әрбір ісін "Алланың разылығы" үшін жасайды, адамдарға көмектесуді сауап деп біледі, сабырлы және кішіпейіл болады. Ықылас – адамның жүрегінің тазалығы мен шынайылығын білдіреді. Әрбір мұсылман өз ісін шынайы ниетпен жасап, тек Алланың разылығын мақсат етуі керек. Сонда оның әрбір амалы сауапқа айналады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

