Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешіт жамағатына "Пәтуа сағатын" ұйымдастырып, жамағаттың діни сұрақтарына жауап беріді. Шара барысында имам қатысушыларға күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелер жөнінде түсіндірме жасап, шариғат тұрғысынан дұрыс шешім қабылдаудың маңызын айтты.
Сағат барысында Пәтуа – діни мәселелер бойынша ғалымдардың Құран мен сүннетке сүйеніп берген шариғи үкімі екені түсіндірілді. Сонымен қатар дін мәселесінде күмәнді дереккөздерге емес, білікті имамдар мен ғалымдардың кеңесіне жүгіну қажеттігі атап өтілді. Пәтуа сағаты барысында жамағат тарапынан намаз, ораза, отбасы тәрбиесі және күнделікті өмірдегі діни мәселелерге қатысты түрлі сұрақтар қойылып, имам тарапынан жан-жақты жауаптар берілді. Сондай-ақ халқымыздың дәстүрлі діни жолы – Ханафи мазхабы негізінде амал ету керектігі айтылды.
Кездесу соңында жамағатқа бірлік пен татулықты сақтап, дін мәселесінде сабырлық пен білімге сүйену керектігі ескертілді. Сонымен қатар мұндай кездесулердің жамағаттың діни сауатын арттыруда маңызы зор екені айтылды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

