ЖАМБЫЛ: ПӘТУА - АДАСПАУДЫҢ ЖОЛЫ

ЖАМБЫЛ: ПӘТУА - АДАСПАУДЫҢ ЖОЛЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешіт жамағатына "Пәтуа -  адаспаудың жолы" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Имам діндегі пәтуаның маңызы және дұрыс діни үкім алудың жолдары туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.

Имам өз сөзінде Пәтуа – шариғат мәселелеріне қатысты білікті ғалымдардың Құран мен сүннет негізінде берген діни үкімі екенін атап өтті. Пәтуа адамдарға діни мәселелерде дұрыс бағыт алып, адаспауға көмектеседі.

Сондай-ақ дін мәселесінде сенімді дереккөздерге жүгіну керектігі айтылып, әрбір мұсылман діни сұрақ туындағанда білікті ғалымдар мен имамдарға жүгінуі қажет екені түсіндірілді. Бұл бағытта Құран мен Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) сүннеті негізгі қайнар көз болып табылатыны айтылды. Түсіндіру барысында халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі діни жолы – Ханафи мазхабы мен Матуриди ақидасын ұстанудың маңызы да атап өтілді.

Кездесу соңында жамағатқа діни мәселелерде сақ болып, сенімді дереккөздерге сүйену, түрлі күмәнді ақпараттарға ермеу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар елімізде діни түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүргізіп келе жатқаны жеткізілді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: