Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешіт жамағатына "Дін және жастар" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Уағыз барысында имам жастардың қоғамдағы орны, олардың рухани тәрбиесі және имандылықтың маңызы туралы кеңінен түсіндірді.
Имам өз сөзінде жастар – елдің болашағы екенін айтып, олардың дұрыс тәрбие алып, рухани құндылықтарды ұстануы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ жастарды имандылыққа, білімге және жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуде Ислам дінінің алатын орны ерекше екені айтылды. Уағыз барысында Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінде жастардың тәрбиесіне ерекше мән берілгені түсіндірілді. Жастардың уақытты тиімді пайдаланып, білім алуға, ата-ананы құрметтеуге және қоғамға пайдалы азамат болуға ұмтылуы қажеттігі айтылды. Сонымен қатар қазіргі уақытта жастарды түрлі жат ағымдардың ықпалынан қорғау, оларды дұрыс діни бағытта тәрбиелеу маңызды екені атап өтілді. Бұл ретте халқымыздың дәстүрлі діни жолы – Ханафи мазхабы мен Матуриди ақидасын ұстанудың маңызы түсіндірілді.
Кездесу соңында жастарды білімді, иманды, отансүйгіш азамат болуға шақырып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмыстарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тұрақты түрде жүргізіп келе жатқаны айтылды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

