ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - ҚАЙЫРЛЫ АМАЛ

ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - ҚАЙЫРЛЫ АМАЛ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешітке келген жамағатқа "Уақып -  қайырлы амал"  тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.  Кездесу барысында имам уақыптың исламдағы орны мен қоғам үшін маңызы туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Имам өз сөзінде Уақып – адамның өз мүлкін немесе қаражатын Алла разылығы үшін қоғам игілігіне арнауы екенін айтты. Бұл – сауап үзілмейтін қайырымдылық амалдарының бірі.

Сонымен қатар Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) хадисінде: "Адам қайтыс болған кезде оның амал дәптері үш нәрседен басқа жағдайда тоқтайды: үздіксіз садақа, пайдалы ілім және дұға ететін ізгі ұрпақ" – деп айтылғаны түсіндірілді. Ғалымдар бұл хадистегі үздіксіз садақаның бір түрі уақып екенін атап өткен. Түсіндіру барысында уақыптың қоғамға тигізетін пайдасы айтылды. Уақып арқылы мешіттер салу, білім беру орындарын қолдау, мұқтаж жандарға көмек көрсету сияқты игі істер жүзеге асатыны жеткізілді.

Сондай-ақ елімізде қайырымдылық пен уақып мәдениетін дамыту бағытында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және оның жанындағы "Зекет және қайырымдылық қоры" түрлі әлеуметтік жобаларды іске асырып жатқаны айтылды. Кездесу соңында жамағат қайырымдылық жасауға, қоғам игілігіне үлес қосуға шақырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: