ЖАМБЫЛ: ҰЛТТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ - АҚ КИМЕШЕКТІ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖАМБЫЛ: ҰЛТТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ - АҚ КИМЕШЕКТІ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ұлттың ұйытқысы, отбасының берекесі, тәрбиенің қайнар көзі болған ақ жаулықты аналарды ардақтау мақсатында аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова арнайы іс-шара ұйымдастырып, ақ кимешекті аналарға құрмет көрсетті. Шара барысында аналардың қоғамдағы орны, отбасы тәрбиесіндегі рөлі және ұрпақ тәрбиесіне сіңірген өлшеусіз еңбегі кеңінен айтылды.

Ақ кимешек киген аналардың даналығы, сабыры, мейірімі мен өмірлік өнегесі кейінгі буынға үлгі екені ерекше атап өтілді. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрінде ананы ардақтау, ақ жаулықты әжелердің батасы мен тәліміне құрметпен қарау – тәрбиенің асыл арнасы екені насихатталды. Іс-шара аясында аналарға ізгі лебіздер мен ақ тілектер айтылып, сый-құрмет көрсетілді. Жастарға анаға құрмет, үлкенге ізет, отбасы құндылықтарын сақтау және ұлттық тәрбиені дәріптеу жөнінде тағылымды ойлар жеткізілді.

Кездесу соңында көпшілік ақ кимешекті аналарға ризашылықтарын білдіріп, олардың өнегелі өмір жолы мен тәрбиелік мәні зор ақыл-кеңестері жүректерге жылы әсер қалдырды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: