ЖАМБЫЛ: ДІНДІ БҰРМАЛАУДЫҢ ЗИЯНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ

ЖАМБЫЛ: ДІНДІ БҰРМАЛАУДЫҢ ЗИЯНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жастарға дінді дұрыс түсіндіру, теріс діни ағымдардың алдын алу және рухани қауіпсіздікті нығайту мақсатында аудандық орталық Бәйдібек мешітінің ұстазы - Жайна Бекназарова "Дінді бұрмалаудың зияны және оның салдары" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында дінді бұрмалап түсіндірудің қоғамға, отбасы бірлігіне және жеке адамның санасына тигізетін кері әсері жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар ислам дінінің бейбітшілікке, сабырлылыққа, бірлік пен татулыққа үндейтін асыл дін екені түсіндіріліп, оның атын жамылып жасалатын жат әрекеттердің шынайы дінге қайшы келетіні айтылды. Іс-шарада қатысушыларға діни мәселеде сауаттылықтың маңызы, сенімді ақпарат көздеріне жүгіну қажеттігі және әрбір діни ұстанымның Құран мен сүннетке, сондай-ақ дәстүрлі діни танымға негізделуі тиіс екені түсіндірілді. Сондай-ақ жастарға күмәнді уағыздар мен жалған түсініктерге ермеу, дін мәселесінде білікті мамандар мен ресми діни мекемелердің пікіріне сүйену қажеттігі ескертілді.

Ашық сабақ соңында қатысушыларға қоғам тыныштығын сақтау, бірлік пен тұрақтылықты нығайту, дәстүрлі рухани құндылықтарды құрметтеу жөнінде тағылымды ойлар айтылып, қойылған сауалдарға жауап берілді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: