ЖАМБЫЛ: ЖАСТАР - ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ЖАМБЫЛ: ЖАСТАР - ЕЛ БОЛАШАҒЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жасөркен ауылы "Тұрыс" мешітінің имамы Бауыржан Досмухамбетов мешіт жамағатымен "Жастар - ел болашағы" тақырыбында кездесу өткізді. Жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, олардың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру және қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында өткізілген кездесу барысында жастардың қоғамдағы орны мен ел дамуындағы рөлі кеңінен сөз болды. Сондай-ақ жас буынның сапалы білім алып, саналы тәрбие мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі – жарқын болашақтың кепілі екені айтылды.

Іс-шарада жастарды адал еңбекке, білімге, ізгілікке, жауапкершілікке және елге қызмет етуге баулу мәселелері көтерілді. Сонымен қатар кездесуде жастарды жат қылықтардан, діни ағымдардың теріс ықпалынан, зиянды әдеттерден аулақ болып, дұрыс бағыт ұстануға шақыру жайы түсіндірілді. Қатысушыларға бірлік, татулық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сақтау жөнінде тағылымды ойлар айтылды.

Шара соңында жастар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Кездесу өзара пікір алмасуға, саналы ұрпақ тәрбиесіне және жастардың рухани дамуына оң әсерін тигізді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: