ЖАМБЫЛ: ОТАНДЫ СҮЮ - ИМАННАН. ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ

ЖАМБЫЛ: ОТАНДЫ СҮЮ - ИМАННАН. ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жастарға отансүйгіштік рух беру, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова «Отанды сүю – иманнан. Қазақ батырлары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында Отанға деген сүйіспеншіліктің адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі екені айтылып, туған жерді қадірлеу, елге қызмет ету, халықтың амандығы мен бірлігін сақтау – әр азаматтың қасиетті борышы екені түсіндірілді. Сонымен қатар қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен батырлардың өмір жолы мен өнегелі істері кеңінен таныстырылды. Іс-шарада Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр сынды ел қорғаған тұлғалардың ерлігі үлгі етіліп, олардың қайсарлығы, елжандылығы мен ұлтқа деген адалдығы жастарға өнеге ретінде насихатталды.

Сондай-ақ қатысушыларға тарихи тұлғалардың өнегесін бойға сіңіріп, елін, жерін сүю, ата-баба мұрасын қастерлеу және ұлттық рухты сақтау жайы түсіндірілді. Ашық сабақ соңында жастарға бірлік пен ынтымақты сақтау, ел болашағына жауапкершілікпен қарау, отансүйгіштік қасиетті нығайту жөнінде тағылымды ойлар айтылып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: