ЖАМБЫЛ: ҚАДІР ТҮНІ - МЫҢ АЙДАН ҚАЙЫРЛЫ

ЖАМБЫЛ: ҚАДІР ТҮНІ - МЫҢ АЙДАН ҚАЙЫРЛЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешітке келген жамағатқа "Қадір түні - мың айдан қайырлы" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Қадір түнінің адамзатқа берілген ең ұлық әрі қасиетті түндердің бірі екені кеңінен түсіндірілді.

Бұл түнде Қасиетті Құранның түсе бастағаны, ал оның мың айдан да қайырлы екені айтылып, жамағат құлшылықты күшейтуге, дұға-тілекті көбейтуге шақырылды. Сондай-ақ бұл кештің рухани тазаруға, күнәлардың кешірілуіне және сауаптың еселенуіне үлкен мүмкіндік екені насихатталды.

Қадір түнін құр ұйқымен емес, намаз, Құран оқу, истиғфар, тәубе және ізгі амалдармен өткізу керектігі айтылды. Сонымен қатар жамағатқа бұл қасиетті түнді бос өткізіп алмау, Алладан кешірім тілеп, жүректі тазартуға көңіл бөлу жайы түсіндірілді. Шара соңында қатысушыларға Қадір түнінің қадірін білу, Рамазанның соңғы күндерін құлшылықпен өткізу және рухани кемелденуге ұмтылу жөнінде насихат айтылды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: