Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев, Аса ауылы "Домалақ ана" мешітінде жиналған жамағаттың өзекті сұрақтарына мардымды жауап берді. Бұл жамағат арасында діни сауаттылықты арттыру, шариғи мәселелер бойынша дұрыс бағыт-бағдар беру және тұрғындарды толғандырған діни сұрақтарға нақты жауап ұсыну мақсатында имамның қатысуымен арнайы ұйымдастырылған кезекті кездесу болды.
Сұрақ- жауап барысында жамағат тарапынан қойылған шариғи сауалдарға жан-жақты жауап берілді. Атап айтқанда, құлшылыққа қатысты мәселелер, күнделікті өмірде кездесетін діни сұрақтар, отбасы, бала тәрбиесі, адал мен арам, неке және қоғамдағы түрлі жағдайларға байланысты шариғат үкімдері түсіндірілді. Имам әрбір сұраққа Құран мен сүннет негізінде жауап беріп, діни мәселеде білімге сүйенудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар қатысушыларға діни үкімдерге қатысты күмәнді, дәлелсіз ақпараттарға ермеу, кез келген мәселені сенімді дереккөздерден сұрау қажеттігі жеткізілді.
Сабыр, парасат, бірлік пен ынтымақ сақтау, дінді дұрыс түсініп ұстану жөнінде де насихат айтылды. Шара соңында жамағат өздерін толғандырған сұрақтарына тұшымды жауап алып, имамның пайдалы кеңестеріне ризашылықтарын білдірді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

