Талас ауданындағы барлық мешіттерде қасиетті айт мерекесіне орай айт намазы оқылып, жамағат бірлік пен берекенің үлгісін көрсетті. Таң сәріден мешіттерге ағылған халық айт намазына қатысып, Алла Тағалаға шүкіршілік етті.
Айт намазы барысында имамдар жамағатты татулыққа, мейірімділікке, бауырмалдыққа үндеп, қасиетті күннің маңызы жайында насихат айтты. Сондай-ақ, ел амандығы, жұрт тыныштығы, береке-бірлік үшін дұғалар жасалды. Мешіттерде мерекелік көңіл-күй ерекше сезіліп, жиналған жұрт бір-бірімен құшақтасып, айт мерекесімен құттықтасты. Үлкендер ақ батасын беріп, жас ұрпаққа ізгі тілектерін арнады.
Айт – тек қуаныш пен шаттықтың ғана емес, кешірім мен ізгіліктің мерекесі. Осы күні мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылды. Алла Тағала барша мұсылман қауымының ниеттерін қабыл етіп, елімізге тыныштық, әр шаңыраққа береке нәсіп етсін! Айт мерекесі құтты болсын!



21 Наурыз 2026
2 Шавваль 1447

