Қордай: "Қордай" ауылдық мешітінде Қадір түні жамағатпен өтті

Қордай: "Қордай" ауылдық мешітінде Қадір түні жамағатпен өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әнас ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Сендерге Рамазан айы келді. Бұл айда мың айдан да қайырлы түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, ол барлық жақсылықтан құр қалғаны.

Оның жақсылығынан тек шынайы мақұрым адам ғана қағылады», – делінген. Осы қасиетті түн – Қадір түні Қордай ауданына қарасты Қордай ауылындағы «Қордай ауылдық» мешітінде жамағатпен бірге ерекше рухани жағдайда өткізілді. Мешітке жиналған жамағат түнді құлшылықпен өткізіп, дұға жасап, ізгі амалдарға ден қойды. Мешіт имамы Жалил Шалбаевтың ұйымдастыруымен тарауих намазын жүргізген қариларға құрмет көрсетілді. Ауданның бас имамы өз атынан белсенді мешіт жанашырларына алғыс хат табыстап, олардың еңбектеріне ризашылығын білдірді.

Құрметке ие болғандар: Сахатов Бақыт Оңласынұлы, Бегимбет Адил Болатбекұлы, Садуакас Маулен Серікжанұлы, Солтанбеков Улан Сакенұлы, Изымбетов Ердос Романкұлұлы, Айтхожин Дүйсебай Тегісұлы, Қаржаубай Алмас Асанұлы, Сатыбалдиев Марат Қанатұлы. Барша ізгіліктер тоқтамасын!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: