Қадір түні – оның нақты қай түн екенінің жасырын болуының өзі де үлкен даналыққа толы. Бұл қасиетті түннің бар екені хақ, алайда ол Рамазан айының соңғы тақ түндерінің бірінде жасырылған. Осыған байланысты Ғұбада ибн Самит (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қадір түнін хабарлауға шықты.
Сол сәтте екі мұсылманның жанжалдасып жатқанын көріп: «Мен сендерге Қадір түнін айтуға шыққан едім, алайда пәленше мен пәленшенің жанжалдасуына байланысты ол есімнен көтеріліп кетті. Бәлкім, бұл сендер үшін қайырлы болар. Енді оны жетісінде, тоғызында немесе бесінде (Рамазанның соңғы ондығындағы тақ түндерде) іздеңдер,» – деді», – делінген.
Осы орайда Қордай ауданы, Қордай ауылына қарасты «Рахман» мешітінде әйелдер жамағаты ұстазымен бірге Қадір түнін құлшылықпен өткізді. Жамағат түнді дұға-тілекпен, Құран оқумен және ізгі амалдармен өткізді. Ғибратқа толы бұл қасиетті түннен әрбір жан өзіне қажетті рухани азық алары анық. Дұға-тілектер қабыл болып, мұрат-мақсаттар орындалсын!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



21 Наурыз 2026
2 Шавваль 1447

