Алла Тағала Қадір сүресі 1-аятында: «Расында, Біз оны (Құран Кәрімді) Қадір түні түсірдік», – деп баяндайды. Бұл аят Қадір түнінің ұлылығы мен қасиетін айқындайды. Өйткені дәл осы түні адамзатқа тура жол көрсететін қасиетті кітап – Құран Кәрім түсірілген.
Құран – Алланың сөзі, адамзатты туралыққа бастап, екі дүниенің бақытына жетелейтін ұлы нығмет. Осы орайда Қордай ауданы, Әлжан ана ауылына қарасты «Құдайберген» мешітінде әйел-қыздар жамағаты Қадір түнін құлшылықпен өткізу үшін бас қосты.
Жамағат мешіт ұстазымен бірге Құран оқып, тарауих намазына қатысып, нәпіл ғибадаттармен түндерін көркем өткізді. Қасиетті түнде жасалған әрбір ізгі амал мен шынайы дұға қабыл болғай!Алла Тағала баршамыздың ниет-амалдарымызды қабыл етсін!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



21 Наурыз 2026
2 Шавваль 1447

