«Қолы ашықтың жолы ашық» демекші, жомарт адамның мал-дүниесіне, кәсібіне береке дариды. Өйткені жомарттық – Алла Тағаланың берген нығметтеріне деген шүкірліктің ең көркем көрінісі. Өз нәсібесін өзгелермен бөлісіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созған жанның ризық-несібесі артып, берекесі еселене түседі.
Осы орайда Қордай ауданы, Бетқайнар ауылындағы «Бетқайнар» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Мешіт имамы Нұрлан Нұрмаханұлының ұйытқы болуымен және жомарт жандардың қолдауымен мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды. Қасиетті айда жасалған игі амалдардың сауабы еселеніп, барша жақсылықтарымыз қабыл болсын! Ізгі істеріміз алдағы уақытта да жалғасын таба берсін!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі


21 Наурыз 2026
2 Шавваль 1447

