#Мойынқұм: «Жексенбай ата» мешітінде «Көршіңе қуаныш сыйла» акциясы өтті

#Мойынқұм: «Жексенбай ата» мешітінде «Көршіңе қуаныш сыйла» акциясы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жексенбай ата» мешітінің имамы Ұзақбай Бадықов ұйытқы болуымен «Көршіңе қуаныш сыйла» акциясы аясында көршілер ауызашар дастарханы басында бас қосты.

Игі шара барысында көршілер бір-бірімен жылы жүздесіп, ауызашар берудің мән-маңызын бөлісті. Жиналғандарға Рамазан айының қадірі, көршілік қатынастың маңызы және жақсылық жасау туралы уағыз-насихат айтылды.

Мешіттің ұйымдастыруымен өткен бұл шара ауылдағы көршілер арасындағы бірлікті нығайтып, игі дәстүрді жалғастыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: