Қордай: «Айлардың сұлтаны – Рамазан айы» атты рухани жиын өтті

Қордай: «Айлардың сұлтаны – Рамазан айы» атты рухани жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауабын бір Алладан ғана күтіп ораза ұстаса, оның бұрын жасаған күнәлары кешіріледі». Бұл – Алла Тағаланың мұсылман үмметіне берген ұлы нығметтерінің бірі.

Шынайы ықыласпен бір ай ораза ұстау арқылы пенде Раббысының кешіріміне бөлену мүмкіндігіне ие болады. Осы орайда Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы «Қаракемер-2» мешітінде «Айлардың сұлтаны – Рамазан айы» атты рухани тағылымы мол жиын өтті. Шара мешіт ұстазы Әдеміай Бахиқызының ұйымдастыруымен өткізілді.Тағылымды басқосуда әжелердің батасы беріліп, ұстаз насихаты айтылды. Сонымен қатар ғибратқа толы ойындар ойнатылып, белсенді шәкірттер марапатталды.

Шара барысында Құран оқуды меңгерген шәкірттердің тәж кию рәсімі өткізіліп, олардың жетістіктеріне ерекше құрмет көрсетілді. Осындай рухани кештер жас ұрпақтың имандылығын арттырып, жүректеріне ізгілік нұрын себері сөзсіз. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім мен қабыл болатын дұға нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: