Қасиетті Құранда «садақа беру» ұғымы «Алла Тағалаға қарыз беру» мағынасында да қолданылған. Өйткені Алла Тағала садақа берушінің сауабын қиямет күні еселеп қайтарып, сол арқылы күнәларын кешіреді.
Қасиетті Құранның «Тағабун» сүресінің 17-аятында: «Егер Аллаға көркем қарыз берсеңдер (мал-мүлікті тиісті орынға жұмсасаңдар), Ол сендер үшін оны бірнеше есе арттырады әрі сендерді жарылқайды.
Алла – шүкірлікті бағалаушы, аса Жұмсақ», – деп баяндалған. Осы орайда Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, мұқтаж 150 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Қасиетті айда осы игі іске үлес қосқан барша жандардың садақалары қабыл болсын! Алла Тағала разы болған амалдардан етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



21 Наурыз 2026
2 Шавваль 1447

