Қордай: Сарыбұлақ ауылы әйел-қыздар жамағатының бас қосуы өтті

Қордай: Сарыбұлақ ауылы әйел-қыздар жамағатының бас қосуы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан – берекеге толы қасиетті ай. Осы айдың ең қадірлі түндерінің бірі – Қадір түні. Алла Елшісі Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанның соңғы он күнінде құлшылыққа ерекше мән беріп, ынтасын арттырған.

Бұл жайында Айша бинт Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын): «Рамазанның соңғы он күні келгенде, Алланың Елшісі түндерін намазбен өткізетін, отбасы мүшелерін оятатын және құлшылықтарында ерекше ынта танытатын», – деп жеткізген. Осыған орай Сарыбұлақ ауылында әйел-қыздар жамағаты Қадір түніне жиналып, ерекше рухани басқосу өткізді.

Жамағат Құран хатым дұғасын жасап, ауызашар дастарқанында бас қосты. Бұл қасиетті түнде жасалған әрбір дұға мен ізгі амалдардың сауабы мол екені сөзсіз. Алла Тағала баршамыздың амал-ғибадаттарымызды, дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: