БАЙЗАҚ: ҚАДІР ТҮНІНДЕ ШӘКІРТТЕРГЕ ҚҰРАН ТАБЫСТАЛДЫ

БАЙЗАҚ: ҚАДІР ТҮНІНДЕ ШӘКІРТТЕРГЕ ҚҰРАН ТАБЫСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде әліппені аяқтаған шәкірттерге Алланың кітабы Құран табысталды. Қасиетті қадір түнінің басты ерекшелігі Құран түскен ай екенін еске салған аудан имамы Қанат Әділханұлы қысқа насихат айтты.

Қанат Әділханұлы насихатынды: «Қасиетті Құран – адамзатқа тура жол көрсететін мәңгілік нұр, жүректерді тірілтіп, рухты тазартатын иләһи кітап. Ол тек оқылатын сөз емес, өмірді өзгертетін, жанды тыныштыққа бөлейтін Алланың хикметке толы жолдауы. Құран оқылған жерде береке орнап, жүрекке иман ұялайды, ал оны түсініп, амал еткен жан екі дүниенің бақытына жетеді. Сондықтан Құранмен байланыс – тек тілмен емес, жүрекпен, түсінікпен және амалмен болуы тиіс», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: