Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Аймантөбе ауылында «Қамқор жүрек» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған игі бастама ерекше форматта өтіп, ауыл тұрғындарының өзара жанашырлығы мен мейірімін айқын көрсетті. Шара барысында тұрмысы төмен 3 отбасыға қажетті азық-түлік үлестірілді.
Бұл жоба тек материалдық көмек көрсетумен шектелмей, ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын арттырып, қайырымдылық мәдениетін нығайтуға зор үлес қосты. Сонымен қатар, мұндай игі істер қоғамда жанашырлық пен бауырмалдық қасиеттерді дәріптеудің жарқын үлгісі екені атап өтілді. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай сауапты бастамалар жалғасын табатынын жеткізді.



21 Наурыз 2026
2 Шавваль 1447

