#Шу: «Төле би» мешітінде Наурыз дәстүрі ұлықталды

#Шу: «Төле би» мешітінде Наурыз дәстүрі ұлықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Төле би» мешітінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналған тағылымды шара ұйымдастырылды. Кеш барысында дін мен дәстүр сабақтастығы кеңінен насихатталып, қазақы салт-дәстүрлердің мән-маңызы түсіндірілді.

Шара аясында ұлттық рәсімдердің бірі – тұсаукесер дәстүрі өткізіліп, бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Бұл көрініс жамағатқа ерекше әсер сыйлап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Тағылымды кеш ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, дін мен дәстүрдің үндестігін айқындаған мазмұнды басқосу ретінде өтті.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: