Шу қаласы «Кәрібай молда» мешітінің имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен, демеушілердің қолдауымен тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы мен Көрісу күні аясында қайырымдылық шарасы өткізілді.
Игі шара барысында көпбалалы, мүгедектігі бар және жалғызбасты, аз қамтылған 47 отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Жалпы жұмсалған қаражат 965 380 теңгені құрап, әр отбасыға шамамен 20 540 теңгенің азық-түлігі үлестірілді.
Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыру. Жамағат игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыс білдіріп, Алладан береке тіледі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


23 Наурыз 2026
4 Шавваль 1447

