ОБЛЫСТЫҚ «ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТІНДЕ ПІТІР-САДАҚА ТАРАТЫЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ «ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТІНДЕ ПІТІР-САДАҚА ТАРАТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Ораза айт мерекесіне орай облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, пітір-садақалар мұқтаж жандарға үлестірілді. Игі амал аясында әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға қаржылай көмек табысталып, олардың мерекелік көңіл-күйін арттыруға мүмкіндік жасалды.

Жиын барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жиналған жұртшылыққа жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, Ораза айттың рухани маңызына кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде бұл күннің мейірім мен кешірімнің, қайырымдылық пен жанашырлықтың айқын көрінісі екенін атап өтіп, қоғамдағы мұқтаж жандарға қол ұшын созудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, бас имам барша жамағатты бірлікке, өзара қолдауға үндеп, әрбір берілген садақаның артында үлкен сауап пен береке бар екенін жеткізді. Шара барысында жиналған көпшілік игі тілектерін айтып, ел амандығы мен жұрт тыныштығын тіледі.

Бұл қайырымдылық шарасы – мешіттің тек құлшылық ордасы ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін рухани орталық екенін айқындай түсті. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, халыққа пайдасын тигізе бермек.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: