ТАРАЗДА АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

ТАРАЗДА АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін қасиетті Ораза айт мерекесіне орай Һибатулла Тарази мешіті аумағында ұлттық ойындарды дәріптеуге бағытталған спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Мерекелік шара жұма намазынан кейін жалғасын тауып, мешітке жиналған жамағат рухани қуаныш пен бірліктің үлгісін көрсетті. Қатысушылар гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тартыс секілді ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынасып, күш пен ептіліктерін паш етті.

Сайыс барысында белсенділік танытқан азаматтар арнайы марапатталып, жеңімпаздарға алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Бұл өз кезегінде жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға үлкен серпін берді.

Айтулы дода аяқталған соң жиналған қауымға ұлттық тағам — наурыз көже ұсынылып, ақ дастархан басында мерекелік жүздесу өтті. Жамағат бір-біріне ақ тілектерін арнап, айт мерекесінің шаттығын бірге бөлісті.

Осындай игі шаралар халық арасындағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтып, ұлттық дәстүрлеріміздің жаңғыруына өз үлесін қосуда.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: