«Қарабөгет» мешітінде пітір садақаға жиналған қаражат есебінен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі іс аясында 4 жанұяға қажетті көмек көрсетіліп, азық-түлік таратылды.
Мешіт имамы Арсен Құлтаев мұндай қайырымдылық шараларының қоғамдағы маңыздылығын атап өтіп, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – әрбір мұсылманның парызы екенін жеткізді.
Көмек алған отбасылар өз ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



16 Қыркүйек 2026
3 Раби-сани 1448

