Шу ауданы «Жәми» мешітінде әйел-қыздар жамағаты Қадір түні қарсаңында бас қосып, Құран Кәрім оқып, арнайы дұға бағыштады.
Игі шара барысында жамағат қасиетті түннің маңызын терең сезініп, ел амандығы мен бірлігі үшін тілек тіледі. Құран хатым жасалып, жиналғандар жүрекжарды дұғаларын арнады.
Рухани кеш әйел-қыздар жамағатының бірлігін арттырып, қасиетті Қадір түнін лайықты қарсы алуға бағытталған тағылымды басқосу болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

