#Шу: «Төле би» мешітінде ауқымды ауызашар кеші өтті

#Шу: «Төле би» мешітінде ауқымды ауызашар кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Төле би» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жамағатқа арналған ауқымды ауызашар кеші өткізілді. Шара барысында кең дастархан жайылып, келген көпшілікке ерекше құрмет көрсетілді.

Кеш аясында жамағат арасында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысқан жандарға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл өз кезегінде қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, рухани кештің әсерін арттыра түсті.

Ауызашар кеші жамағаттың бірлігін нығайтып, Рамазан айының берекесін сезіндірген тағылымды басқосу ретінде өтті.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: