Қайырымдылықтың ең абзалы және сауабы молы қасиетті Рамазан айындағы жасалған қайырымдылық болып табылады. Алла тағала нәсіп етіп, Рамазан айында мың айдан қайырлы қасиетті Қадір түнінің құрметіне аудандық «Байзақ баба» мешітінде ауданның бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Іс-шарада әлеуметтік жағдайлары төмен 50 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді. Жалпы жұмсалған қаражат 1 250 000 теңгені құрады. Мұқтаж жандар алда келе жатқан Рамазан айты қарсаңында жасалған қайырымдылық үшін өз разылықтарын білдірді. Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы Алла қаласа осындай игі іс-шаралар осымен аяқталмай өз жалғасын табатындығын жеткізді.



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

