БАЙЗАҚ: ҚАДІР ТҮНІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

БАЙЗАҚ: ҚАДІР ТҮНІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны Қасиетті Рамазан айының ішінде мың айдан да қадірлі түн Қадір түні бар. Осы Қадір түнінде жасалған ғибадаттың сауабы мол. Ал қайырымды іс жасап, өзгеге мерекелік көңіл-күй сыйлаудың өзі имандылық.

Бүгін, яғни наурыз айының 16 жұлдызы Рамазанның соңғы түндерінен іздейтін Қадір түнінің құрметіне ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің ұжымы мен әйел-қыздар секторының жетекшісі Жанат Әмірханқызының ұйымдастыруымен «Оразадан байғазы, Қадір түнінен қайырым» атты акция өткізіліп, жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы отбасыларға мерекелік сауға ретінде Рамазан сыйы салынған пакеттер үлестірілді.

Қайырымдылық істің басында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы өзі қатысып, жағдайы төмен отбасылардың қал-жағдайларымен танысып, 10 отбасыға, күріш, ұн, сұйық май, шәй, қант қатарлы заттарды үлестіріп берді.

Алла Тағала ізгі амалдарымызды қабыл етсін!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: