Байзақ аудандық орталық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында Қадір түнінің құрметіне «Құран мәңгі мұғжиза» атты аудандық Құран жарысы өтті. Аталған сайысқа мешіт шәкірттерінен 35 үміткер қатысып, Қасиетті Құранның 30-парасын, жарты параны және жарты параға дейін жатқа оқудан өзара бақ сынасты. Шараның басты мақсаты – жас буынды Рамазан айында Құран оқуға баулу, олардың діни білімін арттырып, Құранға деген сүйіспеншілігін шыңдау.
Жарыс барысында әр қатысушының оқу мәнері, тәжуид ережелерін сақтау деңгейі мен жаттау шеберлігі әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды. Сайыс тартысты өтіп, шәкірттер өздерінің дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті. Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей орындарды иеленді:
30-параны жатқа оқу аталымы бойынша:
І орын – Абдулазиз Шералыұлы (30 000 т.)
ІІ орын – Сулеймен Гурбанмуратов (25 000 т.);
ІІІ орын – Смайыл Ілияс (20 000 т.).
Жарты параны жатқа оқу аталымы бойынша:
І орын – Ақтілек Темірбекұлы (25 000 т.);
ІІ орын – Жұмахан Бекасыл (20 000 т.);
ІІІ орын – Бөлебай Расул (15 000 т.).
Жарты параға дейін жатқа оқу аталымы бойынша:
І орын – Ержан Жанғабай (20 000 т.);
ІІ орын – Аңсар Нұралы (15 000 т.);
ІІІ орын – Рамазан Жаңғабай (10 000 т.).
Женімпаздар мен қалған қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай рухани шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

