Қордай: Аудандық «Қордай» мешітінде Қадір түні жамағатпен өткізілді

Қордай: Аудандық «Қордай» мешітінде Қадір түні жамағатпен өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Кімде-кім Қадір түнінің қасиетіне сеніп, сауабын үміт етіп, оны құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі», – делінген.

Осы орайда Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде ауданның бас имамының бастамасымен Қадір түніне арналған арнайы бағдарлама ұйымдастырылды.

Кеш барысында жамағатқа уағыз-насихат айтылып, нәпіл құлшылықтар орындалды. Сондай-ақ, мешітте ауызашар және сәресі дастарханы жайылып, жамағатқа қызмет көрсетілді. Қасиетті айда жасалған дұға-тілектер мен құлшылықтар қабыл болсын! Алла Тағала баршамызды разы болған құлдарының қатарынан етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: