Қордай: «Қадір түні — әйелдің ғибадаты» тақырыбында насихат шаралары өтті

Қордай: «Қадір түні — әйелдің ғибадаты» тақырыбында насихат шаралары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Рамазан айында мың айдан да қайырлы бір түн бар. Кім оның жақсылығынан мақұрым қалса, шын мәнінде көп нәрседен мақұрым қалғаны», – деген. Сондай-ақ, Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Қадір түнінде сол жылғы жақсылық пен жамандық, ризық-несібе және өмірдің мөлшері жазылады», – деп айтқан.

Осы орайда Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы «Қордай» және «Қақпатас» мешіттерінде жамағатпен кездесу өткізді. Басқосуға ауданның әжелері мен ұстаздары қатысып, тағылымды жиын өтті. Кездесу барысында жамағатқа «Қадір түні — әйелдің ғибадаты» тақырыбында уағыз-насихат айтылып, рухани маңызы кеңінен түсіндірілді. Қасиетті Рамазан айында жасалған дұға-тілектер мен амал-құлшылықтар қабыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: