Қордай: Қадір түніне арналған ғибратты басқосу өтті

Қордай: Қадір түніне арналған ғибратты басқосу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айша бинт Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) анамыздан жеткен хадисте: «Уа, Алланың елшісі! Егер Қадір түні екенін білсем, Аллаға не айтқаным дұрыс?» – деп сұрадым. Сонда Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Уа, Алла! Сен Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені кешір!» – деп айт», – деген.

Рамазан айында құлшылыққа ерекше мән берген жамағатқа бұл дұғаны көбірек айту ұсынылады. Осы орайда Қордай ауданы, Қақпатас ауылындағы «Қақпатас» мешітінде имам Жармахамбет Танаубайұлының ұйымдастыруымен Қадір түні жамағатпен бірге өткізілді. Кеш барысында мешітке жиналған көпшілікке уағыз-насихат айтылып, рухани мазмұндағы викториналық ойындар ұйымдастырылды.

Шараға аудан ұстаздары мен әжелер алқасының мүшелері қатысып, белсенділік танытқан жамағатқа сыйлықтар табысталып, алғыс білдірілді. Қасиетті түнде жасалған дұға-тілектер мен ізгі амалдар қабыл болсын! Алла Тағала баршамызды кешіріміне бөлесін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: